1764

Астана бюджетінің 45 %-ы ШОБ-тен түседі

Астанадағы бизнес климат туралы қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының халықпен кездесуінде айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу пікір алмасу еркін форматында өтіп, онда әр адам өз ойы мен көзқарасын айтты.

«Елбасы Жолдауында бизнес климатты жақсартуға баса назар аударды, оның ішінде аймақтар деңгейінде жұмысты күшейту айтылды, әрине ол жеке кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіндік береді. Жалпы жыл басынан бері ШОБ субьектілері 105,8 мың бірлікке  8,9 %-ға өсті. ШОБ субьектілерінен түсетін салық шамамен 297,2 млрд теңге немесе бюджеттің 45 %-ы», деді Е.Аманшаев.

Айта кетейік, Астана бизнесті жеңіл жүргізудің ұлттық рейтингінде көш бастап, Мемлекет басшысының 2050 жылға дейін ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 50 %  жеткізуді қамтамасыз ету бойынша міндетті мерзімінен бұрын орындап Елбасының арнайы премиясына ие болған.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109