1719

«Алаштың Ахаңы» атты рухани-тағылымды іс-шара өтті

«Қазақстан халқы тілдерінің күні» аясында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Алаштың Ахаңы» рухани-тағылымды іс-шарасы, өтті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қазақстан халқы тілдерінің күні» аясында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Алаштың Ахаңы»  рухани-тағылымды іс-шарасы өтті.

Рухани-тағылымды іс-шара Қаллеки театрының әртістері сомдаған «Ұлт қайраткері» қойылымымен бастау алды, онда Ахмет Байтұрсынұлының Алаш партиясының қатарындағы қазақтың оқыған азаматтарымен қатар Мәскеуге барып еліміздің шекарасын белгілеп картасын сызып бекіту барысындағы келіссөздерге қатысқаны көрсетілді. Кеш одан ары ахметтанушы ғалымдар мен Ахаң ұрпақтарының қатысуымен жалғасын тапты. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Ахмет Байтұрсынұлының ғұмырнамасы» бейнесюжеті көпшілік назарына ұсынылып, Ахаң шығармаларын еліміздің белгілі өнер қайраткерлері мен талантты жастары орындады.

«Алаштың рухани көсемі, ұлт ұстазы, ақын, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым, әдебиет зерттеушісі, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасын  көпшілік қауымға кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық пен  отаншылдық рухты қалыптастыру, қоғамдық сананы ұлттық бағытта жаңғырту,  ұлттың асыл қазынасы – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, қазақ сөз өнерінің құнды мұраларын  таныту», - деді «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  Ержан Еңсебай.

Іс-шараға ел зиялылары, оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері, белсенді жастар қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109