1588

Астаналық ЖОО өкілдері жастармен жұмыс жөніндегі жобаны талқылады

Астаналық ЖОО өкілдері жастармен жұмыс жөніндегі жобаны талқылады Л. Гумилев атындағы ғылыми кітапханада «Жастар жылы қарсаңында: тәжірибе және ұсыныс» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дөңгелек үстелдің жұмысына тәрбие жөніндегі проректорлар, астаналық ЖОО-ның жастар ісі комитетінің төрағалары, студенттермен жұмыс жасау жөніндегі деканның орынбасарлары, Евразия ұлттық университеті кафедрасының аға кураторлары қатысты.

Күн тәртібінде – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруда» айтылған 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында Астананың жоғары оқу орындарының өкілдері алдағы уақытта жаңа жобаларды әзірлеу және жақсарту мақсатында университет қабырғасында іске асырылып жатқан сәтті жобалар туралы бөлісті.

«Мысалы сондай жобалардың бірі – мектеп спорт залдарын сабақ біткен соң студенттерге беру. Тағы бір жоба – оқытушылардың беделін көтеру. Бүгінде өңірден оқуға түскен студенттер өздері түскендей мақтан етеді. Олар мұның ұстаздың еңбегі екенін ұмытып кетеді. Біз мектеп директоры мен оқытушыларына біздегі үздік студенттерді дайындап шыққаны үшін алғыс хаттар жібереміз», - деді жоба туралы ЕҰУ әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Әлібек Мәдібеков.

Семинарға қатысқандар үшін ғылыми фойеге көрме қойылды. Қатысушылар жастар коворкинг-орталығына, «Welcome» шетелдік студенттер орталығына барды. Қатысушылар ЖОО мен студенттерді оқытуда жоғары технология мен цифрландырудың маңызды екенін айтып өтті.

«Цифрландыру шеңберінде біз университетке жасанды интеллект – телеграм-бот енгіздік. Студенттеріміз телеграм-ботта жазысады, оларға университетте өтетін барлық шараны хабарлап тұрамыз. Егер шара қызықты болса студент оған тіркеледі, осылайша біз студенттердің тіркелгеніне қарап талдау жасаймыз. Телеграм-боттың ақпараттық сипаты бар: ол жерден қандай жоба жасалып жатыр, жалпы ақпарат пен университеттің жарғысын салып қойғанбыз. Біз ол телеграм-ботты бір ғана батырмамен бір мезгілде барлық студентімізді өзіміздегі шаралар туралы хабарландырып отыру үшін құрдық», - деді Ә. Мәдібеков.

Отырыста қоғамда кең қолдау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына көңіл бөлінді. Қатысушылар аталған бастаманы жаңа мазмұнда толықтыру керектігі туралы айтты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өнер университеті ашық есік күнін жасауды, өзге ЖОО-лардан студенттер келіп, факультатив алуын ұсынды. Мұнда кез келген мектеп оқушысы, студент, педагог шығармашылық бағытта нота сауаты мен шешендік, актерлік шеберлік, би дәрісін үйреніп кете алатындай болу керек», - деді ҚазҰӨИ жастар саясаты жөннідегі маманы Назгүл Салық.

Дөңгелек үстел Астана ЖОО-ларының жастар ісі жөніндегі комитеттерін біріктіріп, күшейту бойынша кешенді шараларының аясында өтті.

«Студент жастарды және астананың барлық университетін біріктіру шеңберінде жұмыс кеңесі өткізілді. Осы отырыстың қорытындысы бойынша ұсынылған жоспарлар мен шараларды, ұсыныстарды 2019 жылғы жоспарға енгіземіз», - деді Астана әкімдігінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109