1959

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды

Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық шараның салтанатты ашылуына ҚР ҰОК спорт дирекциясының жетекшісі Елсияр Қанағатов, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, «Алау» мұз сарайының ди⁠ректоры Санат Шапашов, Ұлттық конькишілер федерациясының президенті Болат Жәмішев қатысты.

Ел чемпионатына 8 аймақтан 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Бірінші күні спортшылар 500 және 1000 метрлік қысқа қашықтықта күш сынасты. Қыздар 3 мың, ұлдар 5 мың метр қашықтыққа шықты.

Жарыс елімізде конькимен жүгіру спортын дамытуға және спорттың қай түрімен болсын шұғылдану керектігін, ел тұрғындары арасында насихаттауға бағытталған. Осы турнирде кімнің негізгі құрамға алынып, ірі жарыстарға қатысатыны анықталады. Чемпионатта ұлттық құрамадан бөлек, жасөспірімдер командасына да іріктеу жүргізілмек. Үш күнге созылатын жарыс «Алау» мұз айдынында өтуде. 

Жарыс 26 қазанға дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109