1514

Елордада қазақ тілді медиаконтенттің сапасы талқыланды

Астана әкімдігінде Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қаламыздағы БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақ тілінде түрлі аудиторияға лайықталған сапалы контенттің жасалуы және проблемалары» атты дөңгелек үстел отырысында бүгінде қаламызда туындап жатқан мемлекеттік тіл мәселесі, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жатқан материалдарда тіл тазалығын сақтау мәселесі айтылды.

«Осы отырыста сіздермен сұхбаттасайық, ортақ ойымызды білдірейік, шешіліп жатқан және шешімін күтіп тұрған жұмыстардың оң шешімін табу мақсатында кездесіп отырмыз. Одан бөлек, қаланың ономастика мәселесін реттеу жайы, сыртқы жарнамалардағы тіл нормаларының сақталуы, қаладағы архив қорларын сақтау мәселелері бойынша қаламызда жұмыстар атқарылып жатыр», - деді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырысында қазақ тілді контент сапасына көңіл тола ма, қазақ тілді интернет ресурстардың ішінде топ жарған сайттар қандай контент ұсынуда, ақпараттық өнім ұсынушы басылымдар мен сайттар аудиторияның сұрасын қанағаттандырып отыр ма деген тақырыптарда пікір алмасып, талқыға салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109