964

Астаналық кәсіпорындарда бір жылда 324 млрд теңгеден астам соманың өнімі өндірілді

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бойынша Астананың дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, сонымен қатар қаланы қажетті өнімдермен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік секторға негізделеді.

Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта Астананың өнеркәсіптік секторының негізгі бағыты өңдеу өнеркәсібі (оның үлесінде (83,4%), электрмен қамту, газ, жылу беру және ауа баптау (14,3%) болып табылады. Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинап таратуды бақылау өнімдерінің (тауарлар, қызметтер) үлесі 2,2%.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қалалық кәсіпорындар 324 534,3 миллиард теңге сомасында өнім өндіріп, өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетті.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің артуы байқалады. Азық-түлік өндірісінде (Астана бойынша өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлесі - 8,3% ) бір жылда 220704,4 млн теңгенің өнімі шығарылды, физикалық көлем индексі (ФКИ) 103,2% құрады. Былтыр шұжық өндіру 15,9%, сүт 18,5% және макарон шығару 31,4% артты.

Бұдан бөлек, тоқыма өндірісінде 209,5 млн теңгенің өнімі шығарылды, ФКИ 171,8%. Металл емес минералды өнімдер өндірісінде 72 187 млн теңгенің өнімі шығарылды, ФКИ  121,4%, ал металлургия өнеркәсібінде 44 024,4 млн теңгенің өнімі өндірілді (ФКИ  120,3%).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109