1148

Астанада өз кәсібін бастау және дамыту бойынша ең ірі V "Стартап Форум" өткізіледі

Үстіміздегі жылдың 11 наурызында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «КАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлер қауымдастығы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен   кәсіпкерлерді біріктіретін кең ауқымды шара - V «Стартап Форумы» өткізіледі. 

Аталған шара – өз ісін бастауға ниетті жас іскерлерге жан-жақты білім, байланыс және ашық ақпарат топтамасы ұсынылатын ауқымды ақпараттық жоба. Жоба іскерлік байланысты қамтып, бизнесті дамытудың  конструктивті шешімін үйлестіретін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара қарым-қатынасының жаңа моделінің көрінісі болып табылады.

Форумға Астана қаласынан басқа еліміздің түкпір-түкпірінен 1000 астам кәсіпкер қатыспақ. Соңғы жылдары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өткен стартап-форумдарына 5000 астам адам қатысты, үздік тәлімгерлер 20 шеберлік-дәрісін, 30 бизнес-тренинг өткізді. 10 000 астам екі жақты «Business to Business» кездесуі ұйымдастырылды. 

Биылғы форум жаңа үрдісімен, өткен жылдарға қарағанда тәжірибенің болуымен,  сондай-ақ, бизнесте үлкен жетістікке жеткен спикерлердің қатысуымен ерекшеленеді.  

Толық ақпарат http://startup-forum.kz сайтында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109