1090

Астанада ШОБ нысандары барлық салық төлемдерінің 65 пайызын қамтамасыз етіп отыр

"Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру аясында Қазақстанның қазіргі экономикасының дамуының басты күші шағын және орта бизнес болып табылады. Отандық кәсіпкерлерді тиімді несиелендіру үшін қосымша 100 млрд теңге бөлінбек. Бұл оларды ынталандыра түспек.

Еліміздің елордасы ретінде Астана қаласында бизнес саланы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру қажет.

Қазіргі таңда елорданың шағын және орта бизнесі жергілікті бюджетке түскен салық төлемдерінің 65 % қамтамасыз етіп отыр, ал ШОБ белсенді субъектілерінің саны 60 мыңды құрады.

Қалалық билік кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуде. Астанада алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда бизнесмендерге «бір терезе қағидаты» бойынша тегін түрде ақпараттық және кеңестік қолдау қызметтері көрсетіледі. 2014 жылы өздеріне қажетті кеңестерді алған тұтынушылар саны 4,5 мың адамды құрады.

Алдағы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікке арналған көпсалалы өндіріс кешенін; өңірлік сауда орталығын құру көзделген; Астанада бизнестің даму картасын әзірлеу және өзге де шаралар қарастырылады. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасымен кәсіпкерлерді дамыту және қолдау бойынша бірлескен жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109