1066

Астанада мыңнан астам іскер әйел өз кәсіптерін бастау үшін несие алды

«Бизнестің жол картасы» аясында несие алушылардың жартысынан астамы іскер әйелдер. Олар  үшін қолдаудың бөлек түрі қарастырылған, сол арқылы 1200 іскер әйел өз ісін дамыту үшін қажетті қаржыны алып үлгерді. Қазақстанның іскер әйелдерінің алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мақсаттар  «Нұрлы жол - жаңа мүмкіндіктер» «дөңгелек үстелі» барысында талқыланды.

- Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауында экономиканың табысты дамуы, әлеуметтік шиеленісті төмендету және халықтың өмір сүру деңгейін көтерудегі шағын және орта бизнестің, оның ішінде, әйелдер кәсіпкерлігінің маңыздылығы атап көрсетілген, - деді кездесу барысында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.

Басқарма мүшесі, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры Қуаныш Ұласбековтың айтуынша, қазіргі таңда іскер әйелдердің өз кәсібін ашуы үшін қолайлы жағдай жасалған.

-  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының басты бағыттарынан бөлек «Әйелдер кәсіпкерлігі» саласыз бағдарламасы бар. Жұмысын енді бастаған кәсіпкер кез-келген мақсатқа 30 миллион теңге ала алады. Бағдарлама басталғалы бері 1290 әйел қаржылық көмекке жүгінді, - деді ол.

Әйелдер кәсіпкерлігінің мәселелері мен болашағы жайлы айта келе, елордалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Малика Бектұрова кәсіпкерлерді субсидиялау қызметтері және кәсіпке қолдау көрсету жағдайлары туралы хабарландыру керектігін атап өтті.

-  Мысалы, мемлекет кәсіпкердің өндіріске салған қаржысының 50% инфрақұрылым құрады. Әрине, мұндай қызмет алу үшін алдын ала, жобалау кезеңінде құжат тапсыру керек, - деді ол.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік және басқа да мүдделі органдар үшін әйелдер кәсіпкерлігінің жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109