7852

Астаналықтар шақырылушыларды әскерге шығарып салды

Бүгін Астанада «Әскерге бару – азаматтық парызым!» ұранымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына жаңадан шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскеріне аттанатын 30 елордалық шақырылушы әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Қарулы Күштерінің бір бөлшегі атанып, оларға еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту бойынша жауапты тапсырмаларды орындауға кіріседі.

Оларды Қапшағай қаласында Отан алдындағы борышын өтеу үшін қорғаныс Министрлігінің басшылығы, ҚР ҚК ардагерлері, сондай-ақ туған-туыстары шығарып салды.

«Бүгін салтанатты түрде Қапшағай қаласындағы десанттық-шабуылдау әскеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына жаңадан шақырылғандарды аттандырып тұрмыз. Қатары 30 адам. Әскери бөлімдерде тәжірибелі офицерлер сарбаздарды әскери міндеттің бастапқы іліміне оқытып қана қоймай, олар үшін жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі. Олар ҚР Қарулы күшінде қолданылатын қару-жарақты қолдану тәсілін үйренеді. Қазір әскерді кәсібилендіру жүруде. Сол себепті біз тек денсаулығы мықты азаматтарды емес, ақылды, білімі жоғары, интеллектуал жастарды да шақырып жатырмыз. Бұл, негізінен техникалық және инженерлік мамандықтары бар жастар, механик, жүргізушілер», - деді Астана қ. қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім басшысы майор Арман Керекбаев.  

Оның айтуынша, қазір жастар әскер қатарына баруға ынталы, себебі бір жылдың ішінде білім алады және достар табады.

«Қазір әскерде тәртіп өте жоғары және ол жылдан жылға күшейтіліп келеді. Жастар әскерге ынтамен баруда, оның ішінде біздің қаладан. Оның дәлелі борышын өтеп болған соң әскер қатарында ары қарай қалатындардың саны артты. Өте көп жастар келісімшартпен әскерде қалып жатыр», деді ол.

Оның сөзін әскерге шақырылушы Игорь Степанов растады.

«Мен десанттық-шабуылдау әскеріне баруға тырыстым. Онда әскер қатарынан өту үлкен мақтаныш. Әскерден есейіп, ақыл тоқтатып, жақсы жаққа өзгеріп келем деген ойдамын. Отан алдындағы борышымды өтеген соң, мен келісімшартпен әскер қатарында қалуды жоспарлап қойдым», дейді ол.

«Күз-2018» шақыру науқаны қызу жүріп жатыр, Осы күзде шамамен 20 мың адам шақырылып жатыр. Оның ішінде мың шақтысы Астана қаласынан. Оларды Қазақстан Қарулы Күштерінің түрлі әскеріне аттандырып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109