4972

«Сергек» бюджетке 1 млрд теңге әкелген

«Сергек» фото - бейнетіркеу және бейнебақылау жүйелері көмегімен мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 млрд 270 млн теңге көлемінде қаржы түскен.

Бұл жоба жол-көлік оқиғаларының саны 16%-ға, ЖКО-нан жаралану 22%-ға, жол-көлік оқиғасы салдарынанболатын өлімді 54%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана қаласында фото - бейнетіркеу және бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану» жобасы 2017 жылы Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен «Астана Innovations» АҚ және «Көркем Телеком» ЖШС-нің арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру туралы келісімшарт аясында жүзеге асқан.

Жоба МЖӘ аясында жүзеге асқан және еліміз бойынша ақпараттық технология мен қауіпсіздік бағытында жасалған алғашқы келісімшарт. «Сергек» Назарбаев Университетінің ғалымдарын тарта отырып жасалған толығымен өзіміздің жүйе, оның негізіне машиналық оқыту желілерінің нейронды технологиясы қолданған.

МЖӘ жобасын іске асырудың нәтижесі қозғалыс ағынының мониторинг сапасын арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар есебінен жергілікті бюджетті толықтыру.

Жоба аясында 13 мың камера қою және интеграциялау көзделген, оның ішінде 6 мың камера қала көшелеріне (400 қиылыс пен 300 желілік учаске) 4 мың камера адамдар көп жиналатын орындарға,  сауда ойын-сауық және бизнес орталықтарында орнатылған  3 мың сыртқы камераны интеграциялау белгіленген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109