1116

Астанада Индустриаландыру картасы бойынша жаңа нысандар іске қосылады

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, аймақтық Индустриаландыру картасы аясында 2015 жылдың  екінші жартысында жалпы құны 12,8 млрд теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыру көзделген.

Құрылыс индустриясы саласында «Астанада үй салу комбинатының құрылысы, «GLB» ЖШС» жобасы қолға алынбақ, жобаның құны 12 млрд теңге. Қазіргі таңда жобаның 20% дайын, сонымен қатар, инвестицияның 42% пайызы игерілген.

Бұдан бөлек, машина жасау саласында «ASTANA Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС «KazTexExpo автоматтандырылған өндіріс кешенін» ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны - 0,8 млрд теңге. Бүгінде жобаның  80% дайын, инвестицияның 87% игерілді.

Сондай-ақ, әлемде қалыптасқан жағдайды ескере келе, инвесторлар тарапынан қаржының болмауына орай фармацевтика саласындағы «Astana Pharmbiosintesis» ЖШС «Негізгі фармацевтикалық және химиялық препараттар шығаратын өндіріс кешенінің» құрылысы жобасын уақытылы іске асыру мүмкін болмай отыр. Жобаның жалпы құны - 32,9 млрд теңге. Осыған байланысты аталмыш жобаны іске асыру 2017 жылға шегерілді.

2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 330,3 млрд теңгеге, физикалық көлем индексін  109,7% жеткізу жоспарланған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109