996

Жыл басынан бері Астанадағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 142,8 млрд. теңгені құрады

2015 жылғы қаңтар-шілдедегі өнеркәсіп өнімінің көлемі (тауарлар, қызметтер) 142,8 млрд. теңгені құрады, 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейге қатысты алғанда 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 103,9% болды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгеймен салыстырғанда 4,7%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 107,3 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өндірісінде, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады.

Тамақ өнімдері өндірісінде нақты көлем индексі 93,6%-ды құрады. 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгеймен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру 16,3%-ға қысқарды. Сонымен қатар, макарон өнімдерін өндіру 10,9%-ға өсті.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (106%), тауарлы бетон (101,4%) өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Машина жасауда өнімнің нақты көлемінің төмендеуі негізінен өзге де көлік құралдарын шығарудың қысқаруына қатысты (59,8%) орын алды.

2015 жылғы қаңтар-шілдеде электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнім (тауар, қызмет) көлемі 30,9 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-шілдеге қатысты алғанда 101,2% болды.

2015 жылғы қаңтар-шілдеде сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда қызмет көлемі 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,2%-ға азайып, 4,6 млрд. теңгені құрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109