2411

Ақылды аудан қалай өзгереді

Әлемнің барлық жетекші елдерінде интеллектуалды қала дамуда. «Ақылды қала» - қалалықтардың өмір сапасын жақсарту үшін қалалық кеңістікті тиімді дамытудың концепциясына айналды.

Мұндай жаңашылдықтар жастар мөлтекауданындағы «ақылды» ауданда көптеп пайда болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Astana Innovations АҚ мамандары жаңа технологияларды А. Бараев, А. Кравцов, Ж. Ташенов көшелері мен Байқоңыр ауданындағы Т. Хусейн көшелерінің бойында орналасқан  Жастар (Молодежный) мөлтекауданына енгізбек. Онда 10 бағыт қамтылады: абаттандыру (жылы тротуар, жолдарды жылыту, т. б.), «ақылды» жаяу жүргіншілер жолы, транспорттық жоспарлау, цифрлық – мобильдік кәсіпкерлік, «ақылды» инфрақұрылым (жарықтандыру, нөсер кәрізі), экологиялық шешім (қоқыстарды бөлек жинау), қауіпсіздік т. б.

 Astana Innovations  АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаев жобаның қала мен Жастар мөлтекауданын үш бағытта дамытуға арналғанын айтты.

«Бірінші бағыт – бұл урбанистикалық шешім, екінші – ІТ, smart-шешім, үшінші бағыт – экологиялық «жасыл» шешім. Ақылды аудан – бұл өз кезегінде зертхана сияқты, ол жерде біз үш бағыт бойынша түрлі деңгейдегі технологияларды тестілеуден өткізе аламыз», - деді ол.

Сонымен қатар, мобильдік қосымша әзірленіп жатыр, оның көмегі арқылы барлық тұрғындар кіре берістерге орнатылған камерадан үйдің айналасында не болып жатқанын көріп, бақылап отыра алады. 

Тұрғындар Face Recognition технологиясына негізделген камераның тануы арқылы ғана ішке кіре алады. Ол пайдалану үшін рұқсат беретін карточка, кілт, магнит және смартфон талап етпейді. Бұдан бөлек, жылы тротуар, жолдарды жылыту, «ақылды» жаяу жүргіншілер жолы, транспорт жоспарлау, мобильді кәсіпкерлік, «ақылды» инфрақұрылым (көшені жарықтандыру, нөсер кәрізі), қоқыстарды бөлек жинау.   

Еске сала кетейік, жоба инвесторлардың қаржысы есебінен іске асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109