6995

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі

 Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.

Экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең жоғары мемлекеттік грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін міндетті шарт Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-жобасын мына өлшемшарттардың негізінде бағалау үшін:

1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

3) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан адамның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады;

бұл ретте бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:

бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды;

нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері жаңа жұмыс орындарын құруға және мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:";

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу;

4) франшиза құқықтарын сатып алу;

5) зерттеуге және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындар.

Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.

Кәсіпкер Грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады: 

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу;

4) франшизге құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.

  1. Бір Кәсіпкер үшін Гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аса алмайды.
  2. Кәсіпкерге гранттар келесі жағдайларда берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен уақытша тоқтатылған;

2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын Кәсіпкерлерге берілмейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109