1874

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Жарнамадағы тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясын бастады

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-ші бабында көрсетілген нормалардың сақталуына байланысты кәсіпкер арасында түсіндірме жұмыстарын өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Акция аясында басқарма қызметкерлері кәсіпкерлерге тіл туралы заңның және «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысының 7-тармағы бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, туындаған сұрақтарға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Деректемелер мен көрнекі ақпарат «Тіл туралы» Заңның 21-ші бабына сәйкес «...Бланкілер, маңдайшалар, xабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. 
Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс», делінген басқарма хабарламасында. 
Акция аясында басқарма барша астаналықтар мен қала қонақтарын көшедегі сыртқы (көрнекі) жарнамада кездесетін кез келген қателікке бейжай қарамай, тікелей жарнама иесіне хабарласып, заң талаптары аясында орын алған кемшіліктерді жоюға шақырады. 
Сондай-ақ, заң талаптары сақталмаған жағдайда орналасқан жерін, күнін, тиісті фотосуретті тіркей отырып Тіл басқармасы (Тіл басқармасы Астана) Facebook желісіндегі аккаунтына messenger арқылы жіберуге болады. Немесе мына байланыс телефондарына хабарласыңыз 8 (7172) 55 67 29, 55 67 02, 8 778 52 37 907.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109