3454

Жасыл кеңістік қаласы: Астанада қанша ағаш отырғызылған

Елорданың жасыл белдеуіне коммуналдық қызметкерлер 12 миллионнан астам ағаш пен бұта отырғызды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Жаппай ағаш өсіру жобасы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Көгалдандыруды дамыту аясында жасыл белдеуді орман алқабына айналдыру міндеті қойылды. Өткен жылы мұнда 281,1 мың көшет отырғызылған.

Сонымен қатар, қала көшелері мен саябақтарын көгалдандыру жалғасып жатыр. Бүгінде елордада 782 278 түп ағаш отырғызылған.

«10 саябақта – 130 458 ағаш, 98 саябақта – 40 833 ағаш; 4 желекжолда – 6 554 ағаш. Қалған 604 433 ағаш мектеп, аурухана, балабақша, жолдардың жиегі мен т.б. жерлерде орналасқан», – делінген «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының» ақпаратында.

Ведомстваның ақпаратына сәйкес, өткен жылы елорда аумағына 30737 ағаш отырғызылған.  Осы жылы 32 мың ағаш егу жоспарланғанымен, іс жүзінде 37 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Бүгінгі таңда желілік саябақтың құрылысы аяқталып қалды. Онда 2945 ағаш және 48116 бұта отырғызылды. Сонымен қатар, ботаникалық бақты абаттандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. 80696 ағаш, 5 502 метр бойы ағаш қоршау мен 27 745 шаршы метр гүлзар баққа көрік беріп тұр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109