2500

«Жамиғ ат-Тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі әлемінің 100 тұлғасы» бастамасы мен елімізде табысты жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) басып шығарған Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» көптомдығы мен Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты екі томдық еңбегінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

м

Ауқымды шараны Елбасы кітапханасы мен Халықаралық түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырды. Басылымның тұсаукесеріне ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының м.а. Махмұд Қасымбеков, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын және депутаттар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

5 томнан тұратын Рашид ад-Диннің «Жамиғат-ат тауарих» атты кітабы алғаш рет қазақ тіліне аударылды. Аталған шығарма – қадым заманнан бергі түркі тарихын, түркі тайпаларының шығу тегін, мекендеген аумақтары мен жер-су аттарын, мемлекет басқарған қағандар мен билеушілердің шежіресін қамтыған сүбелі еңбек. 

Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты қос томдығы да қазақ халқының рухани танымы мен салт-санасынан сыр шертетін бағалы еңбек саналады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген автордың бұл шығармасының түпнұсқасы 2000 жылдардың басында табылды.

 «Осындай маңызы зор кітапты аударуды Алла маңдайыма жазғанына шүкір деймін. Бұл еңбектегі шешімдер мен әдіс тәсілдер, айтылған тақырыптар мен мәселелер қай дәуірде болса да өз құндылығын жоғалтпайды. Әсіресе, қазіргі кездегі діни теріс ағымдар мен жалған әулие бақсы-құшыныштардың алдауына көніп, жетегіне еріп жүрген халыққа ес болады дегенге сенемін», – деді кітаптарды парсы, көне шағатай тілдерінен аударған араб, парсы тілінің білгір маманы Зәріпбай Жұманұлы.

Зәріпбай Жұманұлына зор еңбегі үшін Түркі академиясының күміс медалі табысталды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109