1184

Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жүзден астам жоба мақұлданды

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау экономиканың өсуіне ықпал ететін маңызды тетіктің бірі болып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, «Бизнестің жол картасы -2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 26 931,7 млн.теңгені құрайтын 105 жоба мақұлданды.

«Соның ішінде жалпы сомасы  26 917,1 млн. теңге болатын 104 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы  пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша несиелендірілді. 14,6 млн. теңгеге өндірістік инфрақұрылым бойынша бір жоба қаржыландырылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы -2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы басталған уақыттан бері жалпы сомасы 171 928,7 млн. Теңгені құрайтын 1001 жоба мақұлданды.

«Қолданылған шаралар қаланың кәсіпорындарында жұмыс істеп келген 9 мыңнан аса және жаңадан құрылған 5,3 мың жаңа жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бюджетке 21,5 млрд. теңге салықтық түсім түсті. Жалпы, аталған бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 12,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, игерілді», - деді басқармада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109