1957

Жылы аялдамалар қайда орнатылады

E.gov.kz электрондық үкімет порталы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында форумға қатысушылар құрылыс, қоғамдық көліктердің жұмысы, жергілікті бюджеттің толықтырылуы туралы өзекті мәселелерді талқылап жатыр. Қала тұрғыны Ерлан Сәкенов жылы аялдамалардың қайда және қашан орнатылатыны туралы сұрады.

«Жеке инвесторлардың қолдауымен жаңа жылы аялдамалардың орнатылып жатқанына өте қуаныштымын. Ескі аялдамаларды не істемек ойларыңыз бар? Қаланың басқа жерлеріне орналастырасыздар ма? Абылай хан мен Қошқарбаев даңғылдарының бойындағы балалар ауруханасының жанына жылы аялдама орнатылса дейміз. Қаланың шеті болғандықтан, бұл өте маңызды. Mega Silk Way алдына жылы аялдама орнатылады ма? Егер осы пункттерде аялдамалар жоспарланса, қай уақытта пайдалануға беріледі? », – деп сұрады Е. Сәкенов.

Жеке инвесторлар аялдамаларды ауыстырған кезде жоспарға сәйкес басқа жерлерге орнатылады.

Абылай хан 64 мекен жайы бойынша орналасқан № 2 балалар ауруханасы ауданында «Астанадағы жабық типтегі 55 аялдама» жобасы аясында жабық типтегі автобус аялдамасы орнатылды.

 

Осы жоба бойынша Тұрар Рысқұлов көшесі, 6 мекен-жайындағы № 2 қалалық аурухана ауданында қараша айының соңына дейін жылы аялдама орнатылады.

Сондай-ақ, қала әкімі Абылай хан ауданындағы № 1 аурухана мен «Магнум» гипермаркеті маңындағы жол көлік айырығын пайдалануға беру мерзімін де атап өтті. 2018 жылдың 15 қарашасына дейін Абылай хан даңғылы мен Қ. Қошқарбаев даңғылының қиылысында жол көлік айырығын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда көше жарықтарын қосу жұмыстары жүргізілуде.

Форумға қатысуға ниет білдірушілер e.gov.kz сайтына (электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы «Ашық диалог» - интернет-конференциялар бөлімі) өте алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109