1176

Елордалық кәсіпкерлерге көшелерден 1000 сауда орны ұсынылады

Астана қаласының шағын және орта бизнес өкілдері көшеде сауда жасау орындарының жетіспеушілігі мәселесін алға тартып отыр. Қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп көшеде сауда жасау объектілерін дамыту үшін арнайы бағдарлама әзірледі. Елорда көшелерінде кәсіпкерлер үшін 1000 сауда орны құрылады. Атап айтқанда, Есіл ауданында - 303, «Сарыарқа» ауданында – 305, Алматы ауданында – 377 жаңа нысан ашылады.

– Бұл жерлерде онымен байланысты нақты объектілер болады. Содан кейін қызмет түрі, орындар саны мен объктінің орналасқан жері көретіледі. Бұл ретте барлық сауда орындары қаланың архитектуралық келбетіне, санитарлық және өрт сөндіру талаптарының нормаларына сай болуы керек, – деді Астана қ. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рыскүл Қауғабаева.

Дәмхана, мобильді кофехана, мобильді автосервистер, нан және көкөністер сату орындары, гүлдер мен кәдесыйлар сату дүкендері, сондай-ақ стрит-фудтар көшеде сауда жасау объектілері болып табылады.

Аталған бағдарламаға қатысу шарттары бойынша кәсіпкелерге ақпарат пен кеңес беру мақсатында ШОБ өкілдерін «бір терезе» принципімен қабылдау ұйымдастырылды. Консультациялар дүйсенбіден сәрсенбіге дейін сағат 09:00-18:00 Астана қ. Халыққа қызмет көрсету орталығында (Қажымұқан к-сі, 8а мекен жайы бойынша) беріледі. 

Құжаттарды қабылдау туралы ақпарат Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ресми сайтында жарияланатын болады. Конкурсқа қатысқан кезде әрбір субъектімен жеке келісім жасалады, құжат аясында жер учаскесі кәсіпкерге 5-7 жылға жалға беріледі.

Еске салайық, Астана әкімдігі көшеде сауда жасауға 274 орын бөлді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109