997

Астанада салық төлеушілерге консультациялар беріледі

Елордада сауда үйлері мен қалалық базарларда қызмет ететін салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізіледі. Енді білікті мамандардан көмек алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ.

Ертең, 29 қаңтарда «Артем» сауда үйінде (2-қабат, 156-бутик) сағат 11:00 - 18:00 дейін Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері консультациялар беріп, Салық кодексін түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді. Шара барысында салық есептілігінің формаларын (910.00, 911.00) толтыру, жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру, бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды пайдалану және т.б. бойынша кеңестер беріледі.

Бұдан басқа, төменде көрсетілген телефондар бойынша салық заңнамасы туралы барлық қажетті ақпаратты алып, сауалдар жолдауға болады: бірыңғай байланыс орталығы – 1414 немесе 8-800-080-7777.

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: қазіргі кезде Ұлттық экономика мен қаржы министрліктері біріккен Салық және Кеден кодекстерін әзірлеуде.

Кодексті әзірлеудің мақсаты салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және оңайлату болып табылады.

Ұсыныстарды жинақтау, қарау, талдау және талқылау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тақырыптарға бөлінген форум ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109