904

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 37 тонна өнім сатылды

Елордада 29 ақпан – 6 наурыз аралығында «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бір аптаның ішінде астаналық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 3 млн 990 мың теңгенің 37 тонна өнімін өткізген.

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілерінің жемістер мен көкөністері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон, шұжық өнімдері сатылды.

Азық-түліктердің бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан 10-15 пайызға төмен болды. Бір килограмм картоп 60 теңгеден, пияз - 50–60 теңгеден, қызанақ – 750–850 теңгеден және т.б. сатылды.

Еске салайық, осындай ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада отандық тауар өндірушілерді қолдау және сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін жүйелі түрде өткізіледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109