1179

Стартап жобаларды қаржыландыру үлкен сұранысқа ие болады – Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы

Елордада кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі. Бүгін жаңа жобаларды қолдау үшін қосымша шаралар қолдану туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, Астана қаласының әкімдігі мен «Даму» қоры стартап-жобаларға 2 млрд. теңге бөлу туралы меморандумға қол қойды.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетовтің айтуынша, қаржы екі-үш айдың ішінде бөлінеді, бұл елордада енгізіліп жатқан жаңа жоба.

–  Осындай қаржыландыру бағдарламалары бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. Алдында жастарға арналған бағдарлама басталған. Оның алдында ритэйл, сауда саласына бөлінген бағдарлама бар. Осы бағдарлама елордада жақсы жүзеге асып отыр. Осы жаңа жоба Астанада ғана, ол стартап жобаларға арналған. Арнайы комиссияға шағым беріп, олар қарастырады. Басты ерекшелігі бағдарламаның Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы іріктейді, содан кейін жоғарыдан қаржыландырылады. Біріншіден банк, содан кейін комиссия қарайды. Түрлі салалардағы стартап жобаларды қолдау үшін беріледі. Банктер арқылы жүзеге асырылады, – деді Ғани Тасмағанбетов.

Жас кәсіпкерлерді қолдау туралы айдың басында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Астана қаласы кәсіпкерлерінің үшінші конференциясында айтылған болатын.

«Қазіргі кезде осы келісім жүзеге асырылып жатыр», - деді Ғ. Тасмағанбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасы кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау шараларының спектрін, соның ішінде бизнес-жоспар мен сайтты тегін әзірлеу, бухгалтерияны жүргізу, мемлекеттік сатып алуларға немесе кедендік рәсімдеуге қатысу үшін практикалық көмек көрсету және т.б. жүзеге асыруда.

«Бірақ кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер жобаларды қаржыландыруға келгенде кедергілерге тап болады. Негізінде, екінші деңгейлі банктерден стартап-жобаларға қаржы алу қиын, олар көбіне өз ісі бар, кепіл қоя алатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл қолында ештеңесі жоқ, бірақ өз ісін бастағысы келетін жас кәсіпкерлер үшін мәселе болып табылады. Сондықтан әкімдіктің осындай қолдауының арқасында бұл қаржы аса қажет, ал бағдарламаға қатысам деушілер көп болады»,- деді Ғ. Тасмағанбетов.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры көшеде бөлшек сауда жасау үшін 1000 жер учаскесін бөлу туралы елорда әкімдігінің жобасын мысалға келтіріп өтті, қазіргі кезде сұраныс учаскелер санынан үш есеге артық болып отыр.

Елордада мемлекеттің қолдауының арқасында жас кәсіпкерлердің стартап-жобалары өз жұмысын бастады. Мысалы, стоматолог Серік Мұқашев стоматологиялық қызметтер ұсынатын жеке клиника ашуды армандаған.

– Бұл менің арманым, мен 1990 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Арманымды іске асыру үшін өз қаражатым жетпейді, ал Президенттің, әкімдіктің, «Даму» қорының арқасында арманым орындалды, қымбат қондырғы сатып алдым, жақсы мамандарды шақырдым. Біздің клиника екі ай бұрын ашылды, – деді Серік Мұқашев.

Кәсіпкер Гүлмира Шажанбаева ұлттық тағамдар әзірлейтін мейрамхана ашпақ болған, жақында оның идеясы жүзеге асты.

– Мейрамхана ашатын ойым бұрыннан бар еді. Мен үшін бұл мейрамхана ісіндегі стартап жоба, әрине, оны жүзеге асыруға шағын және орта бизнес субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы көмектесті, соның арқасында мен жобаға жұмсаған жалпы инвестицияның 25% алдым. Меніңше, осы қаржыландырудың арқасында біз жұмысымызды уақытында бастап кеттік,- деді Гүлмира Шажанбаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109