1831

50 мың астаналық жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазады

Жаңа әліпби бойынша біліктілігіңді emle.kz, tilalemi.kz сайттарына өтіп анықтауға болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

«Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері жобасынының» практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жалпыхалықтық диктант өткізу туралы ұсыныс түскен болатын.

Осыған орай Астана қаласында 14 қарашада сағат 11:00-де барлық жоғарғы және орта  арнаулы оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің, мектеп оқушылары, студенттері, ұстаздары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналдық шаруашылық, энергетика және басқа да салалардың қызметкерлері жаппай диктант жазатын болады.  Диктант латын графикасында жазылады.  Шараға 15 жастан жоғары барлық азаматтар қатысады. Жалпыхалықтық диктантқа Астана қаласынан 50 000 адамды қатыстыру жоспарланған. Диктант бір күнде, бір мезетте (бір уақытта) жазылады. Қазіргі уақытта диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, дидактикалық материалдар (латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, арнайы парақтар) таратылуда.

Бекітілген диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы таратылады және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан беріледі. Ұзақтығы: 30 минут. Диктант жазу арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі.

Арнайы белгіленген орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар үшін диктантты негізгі ұйымдастырушылар берген emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен  компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып, жазуға мүмкіндік жасалған. Мұндай тұлғалар диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы tilalemi.kz@gmail.com электрондық поштасына жолдауы қажет.

Сондай-ақ, диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшемшарттары шығады. Әрбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалайды.

Жалпыхалықтық диктантты Астана қаласында ұйымдастырушы – Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Байланыс нөмірі: 55- 67- 26, 55-67-28 , 87750940584

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109