1400

Жеке кәсіп ашуға гранттар беру бойынша конкурс жарияланды

10 тамызда Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіп ашуға грант алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ашық конкурс шеңберінде гранттар кәсіпкерлерге, жас кәсіпкелерге, әйелдерге, мүгедектігі бар адамдарға және 50-ден асқандарға ұсынылады. Өтінімдерді жұмыс күндері 9 қыркүйек сағат 10.00-17.00 дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына беруге болады. Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

Мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Бағдарлама аясында қызмет ететін кәсіпкерлер қатыса алады.

Кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып табылады. Кәсіпкер грант қаражатын негізгі құралдар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаға құқықтарды сатып алу, зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсау мақсатында пайдалана алады.

Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.

Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 миллион теңгеден аса алмайды.

Толық ақпаратпен төменде тіркелген құжаттардан танысуға немесе Бейбітшілік к-сі, 11, 522-каб. мекен жайы бойынша хабарласуға болады, байланыс телефондары: 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109