1582

Елорданың барлық мектептерінде жұлын жарығына шалдыққан балаларға арналған кабинеттер ашылды

Қазақстанда туа біткен жұлын жарығы бар (Spina Bifida) балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдірудің Жол картасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 2018 жылдан бастап қаладағы барлық білім беру ұйымдарының медициналық кабинетінде «Spinabifida» диагнозымен тіркеуде тұрған балаларға арналған кабинеттер ашылды.

«Аталған кабинеттер жоғары беті  өңделетін керует, қалқа, процедуралық үстел, санитарлық торап, дезинфицилау құралдар мен қосымша жарықтандырумен қамтамасыз етілген», - делінген басқарманың ақпаратында. 

Бұған қоса, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  «Spinabifida» қоғамдық қорының үйлестірушісімен, аталған дертке шалдыққан балалардың ата-аналарымен медициналық көмек көрсету мәселесіне бойынша кездесу өткізді.

«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының уролог және реабилитолог дәрігерлері туа біткен жұлын жарығы бар (Spina Bifida) балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдірудің 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеп жатыр», - деп атап өтті басқармада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109