1750

Медсақтандыру қорына жарнаны уақытында аудармағыны үшін елордалық жұмыс берушілерге 27 млн теңгеден артық өсімпұл салынды

Астаналықтардың қорға аударған жарналарының жалпы сомасы 14,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық жұмыс берушілерге Медициналық сақтандыру қорына салымдарды уақытында аудармағаны үшін 27,1 млн теңге өсімпұл салынды. Бұл сома қор іске қосылған уақыттан бері, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап есептелді. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін жалақы қорынан 1,5 % көлемінде аударымдарды төлеуді жалғастырып келеді. Аталған мөлшерлеме көлемі 2020 жылға дейін сақталады.

Медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының ди⁠ректоры Н. Қабдықапаровтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салым уақытылы төленбесе, Ұлттық банктің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінен 1,25 есеге артық өсімпұл салынады.

Астана қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын міндетті төлемдердің сомасы бойынша Алматы қаласы және Қарағанды облысымен қатар көш бастап тұр. Астанадағы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қазан айында 1,1 млрд теңгеге жуық жарна аударды, ал 2017 жылдың шілдесінен бері аударылған жарнаның жалпы сомасы 14,3 млрд теңгені құрайды.

Жалпы республика бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 113,8 млрд теңге түсті, бұл соманың 92,4%-і жұмыс берушілерге тиесілі. Жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер қорға 8,6 млрд теңге аударған.

Міндетті медициналық сақтандырудың жинақталған қаржысы Ұлттық банкте сақталады. Ұлттық банк пен қор арасында сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 2020 жылдан бастап бұл қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Осы уақытқа дейін «ӘМСҚ» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің ақысын төлейтін қаржы операторы міндетін атқарады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109