850

Ұлттық инновациялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасады

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өткізілетін ұлттық инновациялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдауды жалғастырады.

Байқау бірнеше номинацияда өтеді.

«Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба». Бұл номинация British Council-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Биыл қол жеткізілген келісімдер аясында British Council қолдауымен орта мектеп оқушыларының арасындағы үздік жобалардың авторлары оқу сапарымен Ұлыбританияға барады.

«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» - Бұл номинацияда іріктеуден өткен қатысушылар Сараптамалық комиссияның алдында 3 минуттың ішінде өз жобаларын қорғайтын болады. Инвестордың шешімі, сәйкесінше жобаның болашағы нақ осы презентацияның сапасына байланысты болады.

«Үздік рационализаторлық ұсыныс» – бұл аталымда кәсіпорынның қызметіне жататын және еңбек, шикізат, отын-энергетикалық және басқа да материалдық және қаржылық ресурстарды үнемдеуге жол беретін техникалық шешімдер бағаланады. Сондай-ақ нақты үнемдеуге мүмкіндік беретін кәсіпорындар үшін басқа да жаңа ұсыныстар (ұйымдастырушылық, басқарушылық, IT шешімдер) қаралады.

Байқау «Үздік бизнес-қамқоршы» және «Ең инновациялық-белсенді өңір» номинациялары бойынша да өтеді.

Сонымен қатар, алғаш рет «Үздік процестік инновация», «Үздік маркетингтік инновация», «Үздік ұйымдастырушылық инновация», «Үздік өнімділік инновация», «Үздік әлеуметтік инновация» сияқты қосымша аталымдар бойынша да үздік инновациялық жобалар анықталады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры - 6 000 000 теңге. «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясындағы жеңімпаздар Ұлыбританияға оқу сапарына бару мүмкіндігіне ие болады; «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер (2-ші және 3-ші орын) сәйкесінше, 1 000 000, 500 000 және 200 000 теңгеге ие болады.

«Үздік рационализаторлық ұсыныс» номинациясындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер (2-ші және 3-ші орын) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 және 300 000 теңгеге ие болады.

Инновациялардың түрлері бойынша 5 номинацияның жеңімпаздары 500 000 теңгеден алады.

Байқаудың түрлі санаттағы қатысушылары үшін қосымша сыйлықтар қарастырылған.

Байқауға қатысу шарттарымен www.natd.gov.kz сайтында танысып, онлайн-өтінім беруге болады.

Байқаудың нәтижелері 2016 жылдың қыркүйек айында XI Инновациялық конгрессте шығарылады.

Еске салайық, байқау 2005 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, осы жылдар ішінде оған еліміздің барлық аймақтарынан 5 000 астам инноватор қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109