925

Коммуналдық меншік нысандарын бәсекелес ортаға берудің нәтижесінде 500 млн теңгеден артық қалалық бюджет қаржысы үнемделді

Жыл соңына дейін тағы да 5 коммуналдық меншік нысаны саудаға шығарылады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, коммуналдық меншік нысандарын бәсекелес ортаға берудің нәтижесінде 500 млн теңгеден артық қалалық бюджет қаржысы үнемделді. Бұл қаржы қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсалатын болады.

Бекітілген тізімге сәйкес саудаға бірнеше нысан шығарылады, атап айтқанда, «Қайсар» спорт клубы» МКҚК; «Астана» көкпар клубы»; «Х.С. Омаров» атындағы шахмат клубы» МКҚК; «Астана батыры» жекпе-жектер клубы» МКҚК.

2015–2016 жылдары аталған нысандарды ұстауға 509 508 000 теңге бөлінген.

2016 жылғы маусым және тамыз айларында «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетінде және www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді деп хабарланған аукционның екі кезеңі қатысушылар болмағандықтан жарамсыз деп танылды.

Төрт нысан бойынша үшінші кезең 2016 жылдың 4 қазанында өткізілді. Аукционды өткізу туралы ақпарат «Вечерняя Астана» газетінде және www.gosreestr.kz порталында жарияланды.

- «Қайсар» спорт клубы» МКҚК697 096 теңгеге сатылды. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 3 630 346 теңге жұмсаған.

- «Астана» көкпар клубы» МКҚК198 554 теңгеге сатылды. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 6 374 654 теңге жұмсаған.

- «Х.С. Омаров» атындағы шахмат клубы» МКҚК - 12 870 теңгеге сатылды. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы  1 188 270 теңге жұмсаған.  

- «Астана батыры» жекпе-жектер клубы» МКҚК - 9 386 426 теңге. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 17 037 326 теңге жұмсаған.  

Сауда қорытындысы бойынша кепілді салымдар бойынша «Қайсар» спорт клубы бойынша қалалық бюджетке 2 933 250 теңге, «Астана» көкпар клубы бойынша – 6 176 100 теңге, Х.С. Омаров ат. Шахмат клубы бойынша – 1 175 400 теңге, «Астана» жекпе-жектер клубы бойынша – 7 650 950 теңге түскен, жалпы қала қазынасына 17 935 650 теңге түскен.

Қада әкімінің тапсырмасымен нысандардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сауда материалдары құқықтық бағалау жүргізу үшін Астана қаласының прокуратурасына жіберілді. Прокуратураның қорытындысы бойынша, аукциондарды өткізу процедураларын зерделеу нәтижесінде заңнама талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеген.

Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, аукцион шартына сәйкес жекешелендірілген нысанның иесі қызмет профилін сақтауға тиіс. Бұл ретте нысандарды беру кезінде онда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылады, бұл мүгедектігі бар балаларды және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды тегін сабақтармен қамтуға жол береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109