Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2425

2018 жылы тегін дәрі-дәрмекпен 120 мың астаналық қамтамасыз етіледі

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда амбулаториялық деңгейде жеңілдікті дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер алатын диспансерлік науқастардың саны 20 мың адамға артқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрі бұйрығындағы тізбеге сәйкес 2018 жылы дәрілік заттар және медициналық бұйымдарға берілген өтінімнің жалпы сомасы 10,7 млрд теңге, ол 120 мың науқасқа арналған, диспансерлік есепте нозология бойынша тұрғаны - 49. 2017 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында  8,7 млрд теңге бөлінген, ол 100 мың диспансерлік науқасты қамтыған», - деп мәлімдеді ведомствода.

Айта кетейік, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен тегін дәрі-дәрмек қалалық мемлекеттік емханаларда ашылған дәріханаларда берілуде.  Бұл бюджет қаржысын 1 млрд теңгеге үнемдеуге сеп болды.

Осы жылы дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдарды жеткізуді республика бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы жүзеге асырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109