1403

«Бизнестің жол картасы – 2020» шеңберінде 8,7 млрд теңге сомаға субсидиялаудың 26 келісіміне қол қойылды

Астанада үшінші тоқсанда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жаңа жобалар бойынша жалпы сомасы 8,7 млрд теңге несиелік портфелімен субсидиялаудың 26 келісіміне қол қойылды, 309 млн теңгенің 19 кепілдігі мақұлданды.

Үшінші тоқсанда «Астана бизнес» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер жылына 7,6%-бен жалпы сомасы 1 536,8 млн теңге болатын жеңілдетілген несиелер алды. «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы бойынша оқып шыққан үш адам өз ісін ашты. Студенттерге арналған «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» атты жеке бағдарлама да қарастырылған, ол бойынша 20-дан аса адам оқу курстарынан өтіп, біреуі бизнес-жобасын жүзеге асыра алды.

Сонымен қатар, 39 жас кәсіпкер «Astana-ZhasStarT» бағдарламасына қатысып, жылына 7%-бен жалпы сомасы 540,8 млн теңгенің несиелерін алды.

«Даму-Көмек» жобасына қатысудың арқасында мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкерке демеушілік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, елорданың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) бизнесті мемлекеттік қолдау, бухгалтерлік және салықтық есеп, бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша 1 214 қала тұрғыны тегін консультация алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109