Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

544

Эстония Премьер-министрі АЛЖИР лагері тұтқындарының рухына тағзым етті

АЛЖИР музей-мемориалдық кешенінде 1938-1953 жж. лагерьде жазасын өтеген эстондық әйелдерге арналған еске алу тақтасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Шараға Эстония Республикасының Премьер-министрі Юри Ратас, Эстонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мухамбеталина және музей қызметкерлері қатысты.

«1938-1953 жылдары АЛЖИР лагерінде 21 эстондық әйел жазасын өтеген, олардың екеуі басына түскен азапқа төзе алмай, бостандыққа шыққан жоқ. Қиындықтарға қарамастан олар күйеулеріне тағылған айыпты мойындамай, өмірлерінің соңына дейін адалдығын сақтады. Мұны азаматтық ерлік деуге болады»,  - деді ол.

Өз кезегінде, Эстония премьер-министрі Юри Ратас адам төзгісіз бейнетті басынан өткерген «АЛЖИР» тұтқындары, эстондық әйелдердің рухына тағзым етті.

Естелік тақтаның ашылуы барысында қонақтар үшін музей аумағында орналасқан экспозициялар бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Келушілер «Алаш» және «АЛЖИР» залдарын тамашалады. Сапар соңында Ратас мырза Пікірлер кітабында өз тілегін қалдырып, 30-50 жыдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын есте қалдыруға жағдай жасаған Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.

Шетелдік мейманға музей тарапынан естелік ретінде жаппай саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына және музейдің 10 жылдығына орай шығарылған репрессияға ұшырағандардың балаларының «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» атты жинағы табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109