Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

481

Дәрігерлер тұмаудан қалай қорғану керектігін айтты

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұмаудың алдын алу шаралары туралы еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлердің мәліметінше, тұмау вирусына барлық жастағы адамдар сезімтал. Алайда ол  қарттар, балалар, жүкті әйелдер мен өкпе және жүрек ауруларына шалдыққан адамдар үшін аса қауіпті.

Вирустан қорғау үшін дәрігерлер ең алдымен эпидемиялық маусым алдында тұмауға қарсы вакцина алуға кеңес береді.

Сондай-ақ, вирусқа қарсы қарапайым әрі тиімді шаралар да бар. Халық көп жүретін орындар мен қоғамдық көліктерде арнайы бетперде қолдану қажет.

Сонымен қатар, тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болмай, қолды сабынмен үнемі тазалап, мұрын қуысын тұрақты шаю керек.

Үйді үнемі желдетіп, бөлмедегі ауаны ылғалдандыру да аса маңызды. C дәрумені бар өнімдер, сарымсақ пен пияз қосылған тамақ жеуге кеңес беріледі.

Дәрігердің нұсқаулығымен иммунитетті арттыратын дәрумендерді қабылдауға да болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109