Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2492

«Қазақстан раушандары» фестивалінің гран-приі Семейге жол тартады

Халықаралық «Қазақстан – Ресей - Болгария» жобасы аясында VІ Халықаралық «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнер фестиваль-байқауы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы байқауға Қазақстан мен Ресей қалаларынан 30 ұжым қатысты. Фестиваль барысында астаналық көрермендер алдында 7 мен 25 жас аралығындағы мыңға тарта жас биші өнер көрсетті.

Жеңімпаздар халық биі, классикалық би, стильді халық биі, балалар биі, заманауи би, эстрадалық би  сияқты бірнеше номинация бойынша анықталған болатын.

«Вдохновение» би ансамблі (Қазан қ), «Сказка» халық балет театры (Екатеринбург қ), «Юность Сибири» халық би ансамблі (Тюмень қ), Галина Кругованың би үлгісі (Первоуральск қ) фестивальдің бірінші орын иегері атанды. Бірінші орын жүлдегерлерінің арасында Челябинск, Семей, Петропавловск, Ақмола облысы және Астананың  намысын қорғаған топтар мен ансамбльдер бар.

Ал Бас жүлдені семейлік «Манго» спорттық би үлгісінің студиясы еншіледі. «Классикалық би» аталымында кіші бас жүлдені Екатеринбургтен келген «Сказка» халық балет театры мен «Феникс» би ансамблі жеңіп алды. «Халық биі» аталымындағы кіші гран приді астаналық «Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблі иеленді.

Бұдан өзге, VІ фестиваль-байқаудың арнайы марапаттары табыс етілді.

Байқаудың барлық жүлдегерлері мен дипломанттары арнайы ордендер мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал Гран-при мен кіші Гран-при иегерлері келесі жылы жазда Болгарияда өтетін халықаралық байқауға  жеңілдікпен бара алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109