916

Астанада ШОБ топ-менеджментінен тегін оқуға өтініштер қабылдана бастады

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қ. кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен шағын және орта кәсіпорындардың басшыларын «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша тегін оқытуды қолға алды.

Жобаның мақсаты - табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамыту, шетелдік оқыту орталықтарын тарту арқылы стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешу.

Жобаға экономиканың басымдықты секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары қатыса алады.

Оқыту үш кезеңмен жүргізіледі:

- аудиторияларда топтармен үш күндік күндізгі дәрістер; онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен); бизнес-жоспарлар әзірлеу және бағалау.

Оқуды аяқтаған кәсіпкерлерге курсты сәтті меңгеріп шыққаны туралы сертификат табысталады.

Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО-на) 28 ақпанға дейін: Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8а. 1-қабат, мекен-жайы бойынша қабылданады. Анықтама тел. 559434, 559439.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109