823

Елорда әкімі қаланың бизнес-құрылымдарымен кездесті

Бүгін кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясы өтті, шара аясында қала әкімі Әсет Исекешев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаевпен және қаланың бизнес-құрылымдарымен кездесті.

Конференцияда кәсіпкерлікті дамытудың басты басымдықтары талқыланды, сондай-ақ, елорда нарығына ауыл шаруашылық өнімдерінің тікелей жеткізілімдерін ұйымдастыру мүмкіндіктері және қаланың бизнес ортасын жетілдіру жайы талқыланды.

Сондай-ақ, елордада бизнестің барлық салаларын одан әрі дамыту, МЖӘ жобаларын келісу процедураларын барынша оңтайландыру бойынша ҰКП ұсыныстары айтылды.

Жер телімдерін пайдалану мақсатын, тұрғын үй емес нысандардың функционалдық арналуын өзгерту, салықты уақытында төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін төмендету, энергетика, көлік, логистика, ТКШ қызметтерінің құнын төмендету мәселелері қаралды.

«Біз көтерме-тарату орталығына басымдық беріп отырмыз, және оңтүстік өңірлердің фермерлері үшін және Орталық Азия өнімдері үшін Астана базарларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірнеше көтерме-тарату орталығын құру жоспарланған, яғни, ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткізілімдері үшін барлық тосқауылдарды алып тастау қажет. Қала әкімдігінде биыл МЖӘ бойынша 34 жоба жоспарланған. 6 балабақшаның құрылысы бойынша инвесторлар арасында байқау өтті. Жатақханалардың құрылысы, жылы аялдамаларды орнатуға базарлар және т.с.с. орташа нысандар МЖӘ бойынша бәсекелестік ортаға берілмек. Біз көптеген мемлекеттік қызметтерді аутсорсингке беруге әзірміз, мысалы, қар жинау сияқты жұмыстарды. Қаладағы көп шаруаны жеке инвестиция есебінен іске асыру көзделіп отыр», - деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

Конференцияда елорда кәсіпкерлеріне елорда әкіміне және «Атамекен» ҰКП басшылығына өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109