6932

Астанада көшені жарықтандырудың инновациялық тірегін шығаратын зауыт іске қосылды

Өндіріске салынған жалпы инвестицияның көлемі 1 млрд теңгеден астам. Өндірістік қуаттылығы жылына 10 мыңнан аса тіректі құрайды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Зауыт жаңа буынның тірегін өндіру үшін озық құралдармен жабдықталған. Еуропалық технологияны қолдану, бұйымның сапасын жоғары деңгейде шығару үшін орау әдісімен шыны талшықтан тірек жасауға мүмкіндік береді. 

Құрал-жабдықтың бірегейлігі оның әмбебап екендігінде. Онымен қалалық жарықтандыру үшін жеңіл тіректерді ғана емес, электр тасымалдау линиясының жаппай тірегін де жасауға болады. Сондай-ақ  ТКШ саласынан мұнай-газ саласына дейінгі түрлі салада кеңінен қолданатын құбыр, цистерна сияқты диаметрі 1200 мм дейін дөңгелек формадағы шыны пластик бұйымын жасауға болады.

 «Кәсіпорынның өнімдері темір және темірбетоннан жасалған тіректерге қарағанда артықшылығы көп. Олар ұзаққа шыдайды, берік, шірімейді. Жеңіл әрі транспорттау және монтаж кезінде үнемделеді», - деді «Maxvidl» ЖШС зауытының директоры Асхат Рахимов.

Шыны талшықтан жасалған жарықтандыру тірегі цинктен, бетоннан жасалғандарды алмастырады. Аталған өнімді «Maxvidl» компаниясы мен ресейлік әзірлеушілер және Ресейге белгілі «Машспецстрой» ААҰ құрал-жабдық өндірушілері бірлесіп дайындады.

Астана қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ерлан Бекмурзаев өндірістің үнемді әрі инновациялық екеніне жоғары баға берді.

«Бүгін қаламызда бірегей өндіріс – композитті материалдан жарықтандыру тірегін шығару зауыты іске қосылды. Мұндай зауыт Қазақстанда бұрын болған емес. Зауыт жылына 10 мың тірек шығарғалы отыр. Компания басшылығы алдағы уақытта сыртқы нарыққа экспортқа шығуды жоспарлауда. Ол 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Инвесторды қолдау ретінде әкімдік АЭА тегін жер учаскесін берді, келесі жылы зауыттың кеңейген ашылымында кездесерміз деген ойдамын», - деп түйіндеді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109