900

Астананың 60% жұмыспен қамтылған тұрғындары шағын және орта бизнес нысандарында қызмет істейді

1 тамыздағы жағдай бойынша, елордада 114 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артық, деді Астана әкімдік медиа орталығының тілшісіне кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Әшімов.

Қазіргі уақытта бұл салада 297 мың адам жұмыс істейді, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда өсім 8 пайызды құрайды. Осылайша жұмыспен қамтылғандардың 60 пайызы осы салад жұмыс істейді. 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 85 пайызы орта және шағын бизнес саласында қызмет етуде. Елордада жұмыссыздық көрсеткіші 4,5 пайызға төмендеді.

«2017 жылдың І жартыжылдығында бұл субъектілерге өнім шығарылымы 797,6 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 55,8 пайызды құрайды», - деді Н. Әшімов.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл қалада 13 млрд теңгеге 10 индустриалды жоба іске қосылатын болады.

Өнеркәсіптік өндіріс қалада 4,2 пайызға өсті, бұл машина құрастыру және металлургия, индустриаландыру картасының жобалары (24 кәсіпорын) арқасында.

Елордада инвестиция көлемі 7,3 пайызға артты (441,6 млрд теңге), оның ішінде шетелдік инвестициялардың көлемі екі есе артты (46,6 млрд теңге, 2016 ж. – 21,1 млрд теңге).

Оған қоса биыл Астанада қалада 13 млрд теңгеге 10 индустриалды жоба іске қосылатын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109