1129

Астанада 2017 жыл бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 млрд.теңге болады деп болжануда

Астанада 2017 жылдың 7 айы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 4,2% өсті. Бұл жетістік негізінен машина құрылысы және металлургия, индустриаландыру Картасы жобалары есебінен мүмкін болып отыр.

-Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында Астанада 289,9 млрд.теңгені құрады және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83,6 млрд.теңгеге өскен. Өнеркәсіп өндірісінің 2017 жылға жоспарланған көлемі 486 млрд.теңге, - деп хабарлады медиа орталық тілшісіне қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің жетекшісі Азамат Рашитов.

Физикалық индекс көлемі 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,2%деңгейінде белгіленген, деді ведомстводағылар.

Астанада осы уақытқа дейін өңдеу өнеркәсібінде 241,5 млрд.теңге сомасында өнім өндірілді, бұл 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 77,5 млрд.теңгеге өсті. Индустриаландыру картасы өндірісінің өнім көлемі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 46% құрайды.

Елордада өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары машина құрылысы, құрылыс материалдарыөндірісі, металлургия, (алтын мен күміс өндірісі) және тамақ өнеркәсібі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109