858

Елордалық кәсіпкерлікті қолдау картасына тағы бір инвестжоба қосылады

Модемдер мен коммутаторлар шығаратын «Digital System Servis» ЖШС зауыт құрылысы Астана қаласының кәсіпкерлікті қолдау картасына енеді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталық тілшісі.

-2017 жылдың екінші жарты жылдығында Астана қаласының кәсіпкерлікті қолдау картасына тағы бір жоба қосылмақ. Бұл модемдер мен коммутаторлар шығаратын «Digital System Servis» ЖШС зауыт құрылысы. Инвестиция көлемі 500 млн теңгені құрайды және 30-дан астам жұмыс орны ашылады, - деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің жетекшісі Азамат Рашитов.

Модемдер мен коммутаторлар және өзге де телекоммуникациялық құралдар өндіретін зауыт Астана қаласының АЭА аумағында пайда болмақ. Кәсіпорын үй ADSL-мен маршрутизаторларын жылына 30,6 мың бірлік, ADSL-сіз – 5,4 мың бірлік, екінші деңгейлі коммутаторлар24 FA – 2,7 мың дана, сонымен қатар автоматты Mitel телефон станциясы үшін тақта – 36 мың бірлік өндіру жоспарлануда. 
«Digital System Servis» ЖШС Mitel телекоммуникациялар нарығында ведомстволық және корпоративті байланыс желісі үшін қондырғылар бойынша әлемдік көшбасшы Қазақстандағы жалғыз серіктес болып табылады.

Сондай-ақ Астана қаласының кәсіпкерлік қолдау картасы аясында 2015-2019 жылдары инвестицияның жалпы сомасы 32,9 млрд теңге тағы бір жоба жүзеге асыру алдында тұр. Онда 243 жұмыс орны ашылады. Бұл негізгі фармацевтикалық және химиялық препараттар өндірісі бойынша «Астана Фармбиосинтесис» («Astana Pharmbiosyntesis») ЖШС кешенінің құрылыс жобасы.

Зауыт әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуге 200-ден астам дәрілер шығарады. Өндіріс қуаты жылына 447,2 млн бірлікті құрайды. Пайдалануға бергенге дейін жұмыс орны саны – 45 адам. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109