2173

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

«Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері жобасының» практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жалпыхалықтық диктант өткізу туралы ұсыныс түскен болатын, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осыған орай, Елордада Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 14 қарашада сағат 11:00-де бас қаланың барлық жоғарғы және орта  арнаулы оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің оқушылары, студенттері, ұстаздары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналдық шаруашылық, энергетика және басқа да салалардың қызметкерлері жаппай диктант жазатын болады. 

Диктант латын графикасында жазылады.  Шараға жасы 15-тен асқан барлық азаматтар қатысады. Жалпыхалықтық диктантқа Астана қаласынан 50 000 адамның қатысуы жоспарланған. Диктант бір күнде, бір мезетте жазылады. Қазіргі уақытта диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, дидактикалық материалдар (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, арнайы парақтар) таратылуда.

Бекітілген диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы таратылып,  «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан беріледі. Ұзақтығы 30 минутқа созылады. Диктант жазу арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі.

Арнайы белгіленген орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар үшін диктантты негізгі ұйымдастырушылар берген emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен  компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып жазуға мүмкіндік жасалған.

Мұндай тұлғалар диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы tilalemi.kz@gmail.com электрондық поштасына жолдауы қажет. Сондай-ақ, диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшемшарттары шығады. Әрбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109