1102

Елордалық кәсіпкерлерге өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік жаңа бағдарламасының шарттары түсіндірілді

Өз ісін енді бастағандар мен жас кәсіпкерлер «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» жаңа мемлекеттік бағдарламасы жайлы толық ақпарат алды. 

Бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында кәсіпкерлік басқармасы мен «Даму» қоры бірлесіп өзінің кәсібін ашқысы келетіндер үшін ашық есік күнін өткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, тұрақты жұмыспен қамту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» жаңа мемлекеттік бағдарламасы ағымдағы жылы 2021 жылға дейін қабылданған болатын.

Бағдарлама еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, мамандарды техникалық және кәсіби білім бойынша дайындайды, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысшыларды кәсіби оқытудан өткізу, тұрғындарды кәсіпкерліктің негізіне оқыту, ауылдар мен қалаларда шағын несиелеуді кеңейту,жұмыссыздарды және өзін-өзі еңбекпен қамтушыларды жұмысқа орналастыру, еңбек ресурстардың жеделдігін жоғарылату.

Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсібін енді бастағандар мен оқудан өткендерге жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды шағын несиелеуге осы бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Әлия Қожабаева хабарлағандай, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру үшін Астана қаласына 476 млн теңге көлемінде трансферт бөлінді.

- Екінші бағыт бойынша бағдарламаға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар, өз кәсібін енді бастап келе жатқан кәсіпкерлер қатыса алады. Бағдарламаның бір қатысушысына қаржыландыру лимиті 8000 АЕК құрайды, ол тиісті жылға республикалық бюджетте заңмен бекітілген. Аталмыш бағдарламаның екінші бағытын іске асыру үшін Астана қаласына 476 млн теңге сомасында трансфет бөлінді, - деді Әлия Қожабаева.

«Даму» қорының өкілдері және екінші деңгейдегі банктердің кездесуі кезінде несиелендірудің шарттары мен тәртібі туралы, кепілдендірудің шарттары жөнінде айтып, кепіл алудың кестесін көрсетті.

Айта кетейік, биыл қабылданған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы кәсіпкерлерге «Даму» қорының кепілдендіруімен жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен несие алуға көмектеседі. Бұл бағдарлама бойынша Астанада бүгінде 4 банк жұмыс істейді. Бұл – Ұлттық банк, Еуразия банкі, Сбербанк, АТФ банк.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109