8340

Елордалық жедел жәрдем станциясының диспетчерлері коммуникативтік дағдыларын арттыруда

Диспетчердің күрделі жұмысы қысқа мерзімде алынған қоңыраулар саны бойынша бағаланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық жедел жәрдем станциясының мәліметі бойынша, диспетчерлер "күні-түні-48" кестесі бойынша жұмыс істейді. Олар 24 сағат бойы үздіксіз науқастардан қоңырау қабылдайды.
«Егер ол бүгін он сағат жұмыс істесе, ертең кешке 14 сағат жұмыс істейді де, 48 сағат демалады. Олардың барлығында фельдшер немесе медбике медициналық сертификаты бар. Диспетчерлер - жоғары және бірінші санаттағы медицина қызметкерлері. Ең бастысы, олардың барлығы кем дегенде үш жыл жедел жәрдем бригадасында жұмыс істеген болуы тиіс. Содан кейін ғана біз оларды жұмысқа қабылдай аламыз. Себебі телефон арқылы олар науқастың жағдайын айыра білуі керек», - дейді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Тұяқова. 
Ол сондай-ақ диспетчерлерге артылатын психологиялық жүктемені де атап өтті. Сондықтан олар әр сағат сайын 15 минуттық демалысқа құқылы.
«Егер қоңырау 30 секундқа созылса да, жүктеме өте жоғары. Диспетчерлердің жұмысы эмоционалды түрде өте қиын, ол ауырып тұрған науқас адамдармен жұмыс істейді. Егер жедел жәрдемге қоңырау шалып отырған науқас есінен танып қалса, диспетчер екі есе алаңдай бастайды. Осы ретте дүйсенбіден бері коммуникативтік дағдылар бойынша курстар басталды», - деді Г. Тұяқова.
Диспетчерлер әр ай сайын немесе тоқсан сайын коммуникативтiк дағдыларын арттырады. Себебі ол жұмыс барысында науқасқа псиxологиялық көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ өзінің де денсаулығына мұқият болуы тиіс. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109