4233

Астана ақылды қалалардың Дүниежүзілік ЭКСПО конгресіне қатысты

Әкімдік өкілдері Мадрид пен Барселона мэрлерімен екі жақты кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігінің делегациясы ақылды қалалардың Бүкіләлемдік ЭКСПО конгресіне қатысып, Испаниядағы UNWTO (Дүниежүзілік туристік ұйым) басшылығымен кездесті. 

 «Іссапар шеңберінде Мадрид және Барселона мэрлерімен, Барселонаның денсаулық сақтау басқармасы және жедел жәрдем станциясымен кездесулер өткізілді. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Барселона мэрімен денсаулық сақтау, білім, туризм және сандық трансформация саласында тәжірибе алмасу бойынша бірқатар келісім-шарт жасалды», - делінген Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, тараптар Мадрид мэрімен де спорт, денсаулық сақтау, туризм, қалдықтарды жою және көлік саласында әріптестік бойынша келісімдерге қол қойды.

Қалалық туризм бойынша UNWTO саммитін Астанада сапалы өткізу мақсатында UNWTO бас хатшысының орынбасары Мануэль Батлер мырзамен кездесу өткізілді.

2018 жылы қыркүйекте Астана делегациясы Сеулде өткен VII Жаһандық қалалық туризм бойынша UNWTO саммитіне қатысқан болатын. Онда VIII Жаһандық қалалық туризм бойынша UNWTO-ның келесі саммиті Астанада өткізілетіні мәлім болған еді.

Астанадағы саммит UNWTO кестесіне сәйкес 2019 жылдың 7-11 қарашасында өтеді деп жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109