1674

Елордада Елбасының сүйікті және авторлық әндері шырқалуда

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә.Назарбаевтың ән шығармашылығы» республикалық шығармашылық байқауының қалалық іріктеуі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға елордадағы 80 білім беру ұйымының 140-қа жуық оқушысы қатысуда. Жас орындаушылар 12 жастан 14 жасқа дейінгі және 15 жастан 17 жасқа дейінгі екі жас категориясында өнер көрсетеді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Бабамнан қалған кең дала», «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері толқынында» және «Домбырада орындалатын әндер» сияқты үш аталымда анықталады.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл конкурстың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының ән-күй шығармашылығын зерттеу және танымал ету.

«Біз жас ұрпақтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөліне қатысты көзқарасын оның сүйікті әрі авторлық әндері арқылы қалыптастырғымыз келеді. Өйткені авторлық және сүйікті әндері адамның Отанға, халыққа, елдің тарихына және салт-дәстүрлеріне деген рухани ұмтылысын дәріптейді.

 Бұған қоса, биыл Қазақстанда Ұлттық Домбыра күні белгіленген болатын. Осыған орай  «Домбырада ән орындау» номинациясы енгізілді. Бұл – қазақтың халық әндері, Біржан сала, Естай, Ақан сері әні, яғни ең бай мұра », – дейді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының ғылыми қызметкері Саягүл Жақыпова.

Еске сала кетейік, 24 қарашада «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә.Назарбаевтың ән шығармашылығы» республикалық шығармашылық байқауы өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 60-тан аса жас орындаушы қатысады деп күтілуде.

Байқауды ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109