2375

Астанада 8 тұрғын үй кешені жөндеуден өтуде

2011 жылдан бері қалада 90-нан астам көпқабатты тұрғын үй модернизацияланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылы қайтарымды қаражат есебінен сегіз нысанда 198,7 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында белгілі болды.

Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізіліп жатыр: Мәмбетов к-сі, 6,8,8/1,8/2,8/3 (орталық жылу пункітін жаңғырту) – жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, Затаевич көшесі, 11 (шатырды күрделі жөндеу, электр желілерін ауыстыру), Жирентаев көшесі, 19 (шатырды күрделі жөндеу), Абылай хан д-лы, 27/1 (шатырды күрделі жөндеу, қасбетін панель аралық жіктерін жөндеу), Құдайберді ұлы даңғылы, 14 ((шатырды күрделі жөндеу), Бөгенбай д-лы, 28 (екі жолаушылар лифтісін ауыстыру), Күмісбеков көшесі, 6 (жолаушылар лифтісін ауыстыру), Петров к-сі, 20 (2 жолаушы лифтісін ауыстыру).

«Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін үйлер үлесінің азаюы, тұтыну энергиясының 20 %-ға дейін үнемделуі, жылжымайтын мүлікті капиталдандыруға қол жеткізілді», делінген басқарма хабарламасында.

Жаңғырту бағдарламасының аралық нәтижелері бойынша тұрғын үй қорының қызмет мерзімін ұзарту, электр және жылу энергиясын тұтынудың елеулі үнемдеуі байқалады.Тиісінше өз үйлерін жаңғыртуға ниет білдіргендер саны өсуде.

Астананың көппәтерлі тұрғын үй қоры 2 593 үйді құрайды. Олардың 87-сі апатты деп танылған, ал күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер саны – 271.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109