3082

«Байқоңыр» ауданында жалпы ұзындығы 1714 метрді құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселген

Аудандағы жаяу жолдардың сапасын бақылау шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданда жаяу жолдарды жайластыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.

«Осы жылы жаяу жүргіншілердің ыңғайлы жүріп-тұруы үшін «Байқоңыр» ауданында жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды төсеу жұмыстары жүргізілді. Олар А. Жұбанов, А. Иманов, Тайбурыл және М. Дулати көшелерінің бойындағы жаяужолдар. Қазіргі уақытта Таxа Хусейн көшесінде жұмыстар жалғасуда», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, Республика даңғылында тас төсеме жабындысын қайта салу жұмыстары жүргізілді. Осылайша барлығы 1714 метр жаяужол мен тас төсемелер төселді.

«Жоғарыда аталған жұмыстар біздің тұрғындардан келіп түскен өтініштердің негізінде ұйымдастырылғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғындардың белсенділік танытуы ауданымыздың дамуында маңызды рөл ойнауда. Осы орайда, келесі 2019 жылға жаяужолдарды салуды қажет ететін мекен-жайлар тізімін өздеріңізбен бірге жасақтауды жөн көрдік. Ұсыныстарыңызды, қабыл алуға әзірміз!», делінген аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109