1217

Астананың бизнес орталықтары жаңа стандарттарға сай салынатын болады

Жеке кәсіпкерлерге өздеріне ұнаған және қалтасына қонымды үй-жайды жалға алу жеңіл болады,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қала билігі жаңа еуропалық стандартқа сай келетін ҚНМЕ-н (Құрылыс нормалары мен ережелері) енгізуді жоспарлап отыр. Соңғысы айтарлықтай жеңілдетіліп, өз кезегінде ғимараттын құрылыс құнына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орта Азиялық жылжымайтын мүлік форумында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты.

«Біз кәсіпкерлерге офистік үй-жайлардың шағын мөлшерлісін жалға беру жайын талқыладық. Және ҚНМЕ бойынша шектеулер бары анық, құрылысшыларға бұндай ғимараттар салу қиын. Яғни шаршы метрі аз, оған қоса жуынатын бөлме мен дәретхананың болуы, ол құрылысшы үшін белгілі бір қолайсыздықтар тудырады. Оларға осының барлығын белгіленген құрылыс құнына енгізу керек. Жәнеде бұл жобалау барысына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені қазіргі заманғы ғимараттар мүлде басқа талаптарды қажет етеді. Жалпы біз еуропалық стандарттарды енгізуді қолға алуды көздеп отырмыз»,-деп айтты М.Бектұрова

Жуық болашақта ҚНМЕ-ге өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109