1478

Ерекше жандарға арналған бірегей сән

Астана тұрғыны Белла Сат-Мырза мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім-кешек тігіп, әлеумметтік кәсіпкерлікке үлес қосып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордалық SaBelle шеберханасы 2016 жылы ашылып, үш бағытта: имидж мектебі, тв-стилист және жеке тапсырыспен тігу бойынша жұмыс істеп келеді. Шеберхана жетекшісі Белла Сат-Мырзаның айтуынша, отандық дизайнерлер мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап киім тігумен айналыса бермейді.

«Өткен жылы Францияның бірінші ханымының имид-кеңесшісімен бірлесіп жұмыс істедім. Сол кезде стилін түбегейлі өзгерту мақсатында түрлі типтегі әйел адамдар іздедік. Сол кезде арбаға танылған бойжеткен келді. Туғаннан қол аяғы икемге келмегендіктен өзіне қажетті көйлек таба алмай жүргенін айтты. Себебі, қазақстандық дизайнерлер оларға арнап киім тігу қиын болғандықтан, бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз. Мен ол қызға өзім арнайы тіккен үш көйлекті сыйға тарттым. Осы кезде біздің көмегімен мұқтаж әлеуметтік аудиторияның барын түсіндім. Бұл жұмысты бастауыма де себепші болған осы жағдай», - дейді шеберхана жетекшісі.

«Астана - рухы мықты жандар қаласы» бағдарламасы аясында қалада арбаға танылған адамдар арасында параолимпиада өтеді. Әлеуметтік кәсіпкер аталған спорттық жарысқа арнап киім тігуді көздеп отыр.

«Олимпиадаға арнап киім тігетін боламыз. Ендігі ойым мүмкіндігі шектеул жандарға арнап спорттық киімдеп тігу. Тіпті, бұған дейін екі қызға арнап арнайы киім тіктім, ең бастысы оларға құйып қойғандай дәл келді», - дейді стилист.

Бұған қоса кез келген адам шеберханаға келіп, қалаған киіміне тапсырыс бере алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім үш күннің ішінде дайын болады.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше шартпен жұмыс істегендіктен олардың қаржысы көп емес. Осыған орай бізде арнайы бекітілген баға бар. Әрі  әлеуметтік жоба болғандықтан бағасы да қолжетімді», - деді Белла Сат-Мырза.

Мәтін: Рабиға ДҮЙСЕНҒҰЛОВА

Фото: Әділхан ІЛИЯСОВ

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109